Ашхабад тұрғындарына көшеде кір жаюға тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабад тұрғындарына көшеде кір жаюға тыйым салды

Ашхабад тұрғындарына көшеде кір жаюға тыйым салды

Қыркүйекте Ашхабадта өтетін Азияда ойындары қарсаңында астана тұрғындарына далаға кір жоюға тыйым салған. Бұл жөнінде Ашхабад тұрғындары мен тәуелсіз басылымдар хабарлайды.

  • 21 Тамыз 2017
  • 258
Фото - Caravan.kz

"Түркіменстан оқиғасы" тәуелсіз басылымының жазуынша, 16 тамызда Ашхабадтың Мир-4 және Мир-7 шағын аудандарын жергілікті билік өкілдері аралап, Азияда ойындары аяқталғанға дейін, балкондарына кір жайып, заттар қоюға тыйым салынатынын хабарлаған.

Тәуелсіз басылымның жазуынша, жаңа ережені бұзғандарға 400 манат айыппұл салынады.

Түркіменстан Орталық банкінің ресми бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 3.5 манат болады. Қара базарда 1 доллар 7 манат шамасында.

Ашхабад шолушысы Аманмурад Бугаевтың сөздерінше, қазіргі уақытта Мир-4, Мир-5 және Мир -7 шағын ауданындағы үйлердің бәріне кір жаятын сымдар алынып тасталған.


Осыған дейін аталған шағын аудандағы үйлерге қондырылған салқындатқыштарды да жаппай алғызып тасталғаны хабарланған еді.

17-27 қыркүйекте Ашхабадта Жауынгерлік өнер бойынша V-Азия ойындары өтеді.

Соңғы жаңалықтар