Әскерилер арасындағы суицид мәселесі: Қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.83
  • 545.37
+9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерилер арасындағы суицид мәселесі: Қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді

Әскерилер арасындағы суицид мәселесі: Қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Мәжілістің кулуарында әскерилер арасында суицид төмендетіп келе жатқанын айтты

  • 12 Ақпан
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, 2020 жылдан бастап мерзімдік әскери қызметшілер саны 12 мыңға көбейген. Ал статистика әскерде жыл сайын өлім-жітім төмендеп келе жатқанын көрсетіп отыр.

Кінәлілер министрдің тәртіптік жарғысына сай жазаланады. Қазір қолымда цифр болмағандықтан, қателесуім мүмкін. Бірақ менің ойымша, 2024 жылы 3 суицид жағдайы болды. Әлеуметтік желіде жыл сайын 270 деп таралып жатқан сандар – бұрмаланған. Әңгіме мерзімдік әскери қызметшілер туралы болып отыр, — деп айтты Шайх-Хасан Жазықбаев.

Жазықбаев әскерилер арасындағы суицидке байланысты министрден ауызша ескерту алған.