«Асқарға арналған»: Өрт сөндіруші марқұм Асқар Забикулиннің жары сүйінші жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Асқарға арналған»: Өрт сөндіруші марқұм Асқар Забикулиннің жары сүйінші жаңалығымен бөлісті

«Асқарға арналған»: Өрт сөндіруші марқұм Асқар Забикулиннің жары сүйінші жаңалығымен бөлісті

Өрт сөндіруші, марқұм Асқар Забикулиннің жары желіде сүйінші жаңалығымен бөлісіп, елді елең еткізді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

  • 17 Шiлде 2023
  • 3521
Фото - Caravan.kz


Әнел Забикуллинаның айтуынша бүгінде марқұм Асқарға арналған «Қаһарман» телехикаясы түсіріліп, онда ержүрек өрт сөндірушілердің ерен еңбегі көрсетілмек. Бұл туралы жаңалығымен ол желідегі парақшасында бөлісті.

«Қазір «Қаһарман», телехикаясының түсіріліп болып жатыр, ол Асқар мен күн сайын өз өміріне қауіп төндіре отырып, өзгелерді құтқаратын өрт сөндірушілерге арналған.

Түсіру тобы Астанаға келе салысымен, жұмысты бастап кетті. Әрине біз де мұндай мүмкіндікті жібере алмай, бар процесті өз көзімізбен көргіміз келді. Бір айтарым – фильм түсіру оңай шаруа емес. Біз онда шамамен 5 сағаттай болдық. Түсірілімге дайындалу, бірнеше дубль, ракурс, жарық, адамдар – бұл біз түсірілім мен бір сахнаны көрген кездегі қиындықтардың бер жағы ғана. Барлық түсірілім тобын сіздердің еңбектеріңіз үшін рахмет айтамын, телехикая бәріне ұнайды деп сенемін», — деді ол.