А.Сəрінжіпов ұстаздар күніне орай үздік педагогтарды марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Сəрінжіпов ұстаздар күніне орай үздік педагогтарды марапаттады

А.Сəрінжіпов ұстаздар күніне орай үздік педагогтарды марапаттады

Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов ұстаздар күніне орай "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздарын марапаттай отырып, ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.

  • 1 Қазан 2015
  • 1216
Фото - Caravan.kz

"Ұстаз балаларға ең басты жəне ең қымбат байлық —  білім береді. Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық — ол құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тəрбиелейді. Ұлағаттың басшысын да, данасын да  ұстаз тəрбиелейді. Өмір сыйлаған аналарды қалай ардақтасақ,  сол ұрпақты тəрбиелейтін ұстаздарды солай ардақтауға міндеттіміз", деген. Расымен де, сіздердің ұрпақ тəрбиесіндегі еңбектеріңіз өлшеусіз. Елдің бəсекеге қабілеттілігі осы білім жүйесімен есептеледі", — деді министр.

А.Сəрінжіпов атап өткендей, қазір Парламент қарауында жатқан Білім туралы заңға қарастырылған өзгерістер ата-аналарды ұстаздардың ар-абыройын құрметтеуге міндеттейді.

"Қазір Парламент қарауында жатқан "Білім туралы"  заң жобасына қарастырылған өзгерістер ата-аналарды ұстаздардың ар-абыройын құрметтеуге міндеттейді", — деп атап өтті А.Сəрінжіпов. 


Жалпы, бүгін министр мұғалімдерге "Үздік педагог-2015", "Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Еңбек ардагері" төсбелгілерін  табыс етті.