Жарияланды: 1300

Астана әкімі Ә. Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қ. Бозымбаев меморандумға қол қойды

Астана әкімі Ә. Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қ. Бозымбаев меморандумға қол қойды

Бүгін елордада Астана әкімдігі мен Павлодар облысының әкімдігі арасында сауда-экономикалық қатынасты жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. 

Бұл құжатты Астана  әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев бекітті. 
«Осы меморандум сапалы әрі арзан азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ павлодарлық бизнесмендер мен фермерлерге өз өнімдерін сатуға мүмкіндік береді. Біздің тарапымыздан «Шапағат» базарынан және қаладағы басқа жерлерден сауда жасайтын орындар бөлеміз, ал сатылатын өнімдер бағасы нарықтағыдан арзан болуы керек. Мұндай жұмысты басқа да аймақтармен жүргіземіз», - деді Ә. Жақсыбеков.
Өз кезегінде Қ. Бозымбаев Павлодар облысы  ауыл шаруашылығы әлеуеті зор өңір ретінде танымал болып отырғандығын айта келе, «Биыл біздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін табысты болып отыр. Әсіресе, көкөніс өсірген шаруалар мол өнім алуда. Бүгінгі іс-шараның мақсаты - павлодарлық өңірді жаңа нарыққа шығару», - деді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін