Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ресейлік банкті сатып алды - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ресейлік банкті сатып алды - БАҚ

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков ресейлік банкті сатып алды - БАҚ

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ресейлік банктің 80% акциясының қожайыны болды. Бұл хабарды бүгін bk55.ru порталы таратты.

  • 14 Қаңтар 2016
  • 476
Фото - Caravan.kz

13 қаңтарда шыққан басылымның мәліметі бойынша, ААҚ "Плюс Банк" банктің 83,32% акциясы қазақстандық Цеснабанкке тиесілі екенін ресми түрде мәлімдеді. Ал Цеснабанктің иесі ҚР экс-қорғаныс министрі, қазіргі кезде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков. "Коммерциялық хабардың" мәліметінше, қалған 14,68% акция Біріккен Араб Әмірлігінің «Линекс Глобал СЭЗ»-ге тиесілі. Бұған дейін Плюс Банк "Омск Банк" деп аталғанын еске сала кетейік. 2004 жылдан бастап оны қазақстандық
ТуранАлем
банкі бақылап келген.