«Astana Arlans-тың» 1/2 финалдағы қарсыласы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Astana Arlans-тың» 1/2 финалдағы қарсыласы белгілі болды

«Astana Arlans-тың» 1/2 финалдағы қарсыласы белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясының 1/2 финалында қазақстандық  «Astana Arlans-тың» қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды sports.kz

  • 6 Сәуiр 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Dolce & Gabbana Italia Thunder» — «Azerbaijan Baku Fires» жұбының жеңімпазы біздің командаға қарсылас атанатын еді. Бакуде 0:5 есебімен ұтылған итальяндықтар өз шаршы алаңында 4:1 есебімен қарымта қайтарды. Алайда бұл жеңістің өзі жартылай финал жолдамасын қалтаға басуға жеткіліксіз болды. Келесі кезеңге Әзербайжандық команда өтті.

«Astana Arlans» — «Azerbaijan Baku Fires» WSB жартылай финалының алғашқы матчы  26 сәуір күні Астанада өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен
ширек финалдық
қарымта матчта «Astana Arlans»  германиялық клубты 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал Германияда «арландар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.