Жарияланды: 500

Астана ауруханаларында терезеден құлап, жарақат алған балалардың көбеюі дәрігерлерді шошытты

Тордан келген ажал! Астана ауруханаларында терезеден құлап ауыр жарақат алған балалардың көбеюі дәрігерлерді шошытты. Соңғы 9 айда Елордада терезедегі масадан қорғайтын торды жыртып,  жоғары қабаттан  30 ұл-қыз құлап, біреуі қайтыс болған. Дабыл қаққан  ақ халаттылар кішкентайларын қараусыз қалдыратын ата-аналардың жауапсыздығына күйініп отыр.

Интернетте тұнып тұрған осындай  жантүршігерлік видеолар ешкімге сабақ болар емес. Аңғал әке-шешенің кесірінен баланың бірі жоғарғы қабаттағы үйдің терезесінен құлай жаздаса, ал екіншісі жайбарақат отыр. Қараусыз қалдырған бөбектер Астанада да көбейіпті. Жақында тіпті терезедегі масадан қорғайтын тордан ауып кетіп, 5 жасар балғын қайтыс болған.

Жарылқасын Бектасов, Астана қалалық №2 балалар ауруханасының дәрігері:

- 9 айдың өзінде 30 бала біздің ауруханаға ауыр жарақатпен түсті. 

Ол терезеден құлаған және подезде жоғарыдан құлағандар.

Жарақат алғанда өте ауыр жарақат алады. Тіпті, жол апатынан алғандай.

Яғни, басы жарылып қол аяқтары сынған. Бүгінде жансақтау бөлімінде 3 бүлдіршін 10 күннен бері есін жия алмай, өлім аузында жатыр.

Көбі енді мүгедек болып қалуы мүмкін. Мәселен, жүрегі қан жылаған мына кісінің ұлы терезеден құлап қазір реанимацияда арнайы аппараттың көмегімен тыныс алуда.

Зардап шегушінің әкесі:

- Балаларыңызға өте абай болыңыздаршы.  Өтінімен. Менің   қайғымды ешкімнің басына бермесін. Бәрі аяқ астынан болды. Өте өкінішті, өзімді қоярға жер таппаймын.

Өкініштісі сол, ауруханада ажалмен күресіп жатқандардың көбі 1 жастан енді асқандар. Үлкендер масадан қорғанамыз деп жүргенде, зардабын кішкентайлар тартып жатыр. Бұл сұмдықтың алдын-алу үшін астаналық дәрігерлер әкімдікке хат жазып, үй саларда терезенің мықтап бекітілуін сұраған.

Мынадай бөлмеде аяққа тұрған баланы ұстап тұрудың өзі оңай емес. Баланың көңілі далада. Бірден терезеге қарай жүгіреді. Ал, дәрігерлер жазда ашық тұратын терезедегі мұндай торларды кішкентай ұл-қызы бар отбасылардың пайдаланбауын сұрап отыр. Өйткені, ересектердің жайлылығынан бұрын, бейкүнә бөбектердің өмірі қымбат. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін