«Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне СҚО-дан 100 ерікті қатысады
![]() |
Солтүстікқазақстандықтар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатыспақ. |
Облыстан Астанаға 100 ерікті баратын болады. Бұл туралы СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов хабарлады.
«Біздің ел өңірінде ЭКСПО-2017 көрмесіне қызмет ету, қонақтарды күтіп алу үшін жастар мен студенттер арасынан еріктілер жинау ұйымдастырылуда. Біз облыстан 100 ерікті жіберуге әзірміз. Үміткерлерге қойылатын өлшемдер бар, олар мемлекеттік және ағылшын тілдерін жетік білуі тиіс. Әлемнің 100-ден астам елінен келген шетел қонақтарымен тіл табыса білуі қажет», - деді Е. Глотов.
Халықаралық көрмеде ерікті ретінде жұмыс істегісі келетін солтүсікқазақстандықтар жеткілікті. Жүз адам жинау қажеттігіне қарамастан, бүгінде 150 студенттен өтініш келіп түсті, деді кәсіпкерлік және туризм басқармасынан.
«Бүгінде облыстың жастар ресурстық орталығы базасында комиссия құрылды. Оған мемлекеттік органдар өкілдері, психологтар, лингвистер, ҮЕҰ кіреді. Тағы бір апта өтінім қабылдаймыз. Осыдан кейін қарап, жастарды әңгімелесуге шақырамыз», - деді Е. Глотов.
Іріктеуден өткен еріктілерге келесі жылы арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылады.
Көрме уақытында олардың тұруы мен тамақтануы бойынша шығыстарды ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына өз мойнына алады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін