Астана мен Алматы облысында кеше тұрғын үйлерде өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматы облысында кеше тұрғын үйлерде өрт шықты

Астана мен Алматы облысында кеше тұрғын үйлерде өрт шықты

Алматы. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Алматы облысында кеше тұрғын үйлерде өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 392
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22 қаңтарда Алматы облысының Ерменсай ауылында 10 сағат 40 минутта 3 подъезді, 20 пәтерлі екі қабатты үйде өрт шықты. Құрбан болғандар жоқ.

«Жеті пәтердің шатыры мен жабындары жалынға оранды. 62 адамнан құралған тұрғындар Ерменсай ауылдық мектебінің ғимаратына орналастырылды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ТЖМ мәліметінше, өрт 22 сағат 10 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 5 арнаулы техникасы, 18 адамының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, ТЖМ мәліметінше, 22 қаңтарда Астанада 18 сағат 18 минутта 9 қабатты тұрғын үйде кабель шахтасында 1 мен 4 қабаттар аралығында өрт шықты. Үйдің 80 тұрғыны көшірілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес , өрт салдарынан екі адам көмір қышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ мәліметінше, өрт 19 сағат 08 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы, 22 адамының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті