Астана мен Шахтер футбол клубтары Қазақстан суперкубогына таласады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Шахтер футбол клубтары Қазақстан суперкубогына таласады

Астана мен Шахтер футбол клубтары Қазақстан суперкубогына таласады

Алдағы жексенбі күні «Астана Арена» стадионында ҚР Суперкубогы үшін Астана мен Шахтер футбол клубтары ойнайды.

  • 1 Наурыз 2013
  • 410
Фото - Caravan.kz

Осыған орай бүгін елордада ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында екі команданың да жаттықтырушылары өз ойыншыларының бұл кездесуге тыңғылықты дайындалғандығын атап өтті.

Астана командасының бас жаттықтырушысы М.Беранектің атап өтуінше, футболшылар Түркияда дайындықтан өткен. Ал қарағандылық клубтың жаттықтырушысы В.Кумыков бұған дейін Шахтер ел суперкубогы жолында үш мәрте ұтылғандығын, ал осы жолы жеңіске жетуге барын салатындықтарын айтты.