Жарияланды: 570

Астана соты атышулы той кортежінің жүргізушілерін жазалады (ВИДЕО)

Астана соты атышулы той кортежінің жүргізушілерін жазалады (ВИДЕО)

Атышулы той кортежінің жүргізушілеріне жаза тағайындалды.

«Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған соты Астана қаласының орталық көшелерінің бірінде жолда жүру ережелерін бұзған той кортежінің төрт жүргізушісіне қатысты істі қарастырды. 

Сот қаулысымен Рамазантегі М., Әбиев Т., Мәуленов С., Ахметов Қ. жолдың қарсы жолағына шыққанына кінәлі деп танылды. Олар бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды (ҚР ӘК 596-бабы 3-бөлімі).

Сондай-ақ сот айыпталушы Рамазантегі М-ге көлік құралында рұқсатсыз арнайы жарық пен дыбыс құрылғысын орнатқаны үшін  25 АЕК көлемінде айыппұл салынды (ҚР ӘК 603-бабы 2-бөлімі). Жабдық тәркіленді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте Астанада жолда жүру ережесін бұзған той кортежіне қатысушылардың ұсталғаны жайында белгілі болды.   Той кортежі Д. Қонаев көшесінің бойымен  Сарыарқа даңғылы жағына бет алған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін