Астанада 9 айда 17 мың бала дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 9 айда 17 мың бала дүниеге келді

Астанада 9 айда 17 мың бала дүниеге келді

2013 жылдың 9 айында Астана қаласында 16 874 сәби, соның ішінде 8724 (52%) ұл, 8150 (48%) қыз, 175 егіз, 4 үшем дүниеге келді.

  • 16 Қазан 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

«Айта кетейік, елордада жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1% (850 — 900 бала) ұлғаяды. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 27,18 құрады», — деп хабарлайды astana.kz  Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Астана қаласы халқының саны 2013 жылдың 1 қыркүйек жағдайында 800 656 адамды құрады. Атап айтқанда, Алматы ауданында 366 219 (45,7%), Есіл ауданында 110 216 (13,8%), Сарыарқа ауданында 324 221 (40,5%) адам тұрады.