Астанада алаяқ аяз атаға іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада алаяқ аяз атаға іздеу жарияланды

Астанада алаяқ аяз атаға іздеу жарияланды

Балаларға Жаңа жылдық кеш ұйымдастырамыз деп ата-аналарды алдап соққан қулар сол күйі ұшты-күйлі жоқ. Ал жеңіл пайданы көздегендерге  жем болғандардан полицияға ондаған шағым түсіпті. 

  • 31 Желтоқсан 2015
  • 211
Фото - Caravan.kz

Барлығы бір адамның арбауына түскен болуы мүмкін. Жарнамасы жер жарған жаңа жылдық лазерлік шоуға 9 мыңнан билет сатып алғандар Аяз Ата мен Ақшақарды ақыры көре алмаған. Тіпті, баласына арнайы киім тіктіртіп, мереке өтуі тиіс ғиаратқа келгенде есік жабық болыпты. Ал, ақшаны қалтаға басып қашқан қулар әлі ұсталған жоқ. Олардың үстінен «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кішкентайларды жылатқан жаңа жылдық кеш ұйымдастырушыларын енді 10 жылға дейін түрме күтіп тұр.