Астанада алдағы күндері жауын-шашын болады
![]() |
Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, деп жазады astana.gov.kz. |
Бүгін, 21 қыркүйекте, республикамыздың астанасында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +11+13°С, түнде +9+11°С болады.
Сейсенбі күні, 22 қыркүйекте, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С жылы болады.
23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз +12+14°С болады деп күтілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін