Жарияланды: 320

Астанада асыққан жолаушы пойыздың астына түсіп өле жаздады

Сөмке арқалаған мына жігіт Астана-Алматы бағытындағы пойызға кешігіп қалған екен. Қатты асықса керек, тіпті «жанын шүберекке түйіп» жүріп бала жатқан пойызға жармасады. Алақ-жұлақ еткен азамат айналадағы адамдардың «болмайды» деген белгісіне бой берер емес. Жүгіріп жүріп ақыры есігі ашық вагонға секірген. Омақасып құлаған жігітті қайта вагон ішіндегі полицей құтқарып қалды. Ал жолаушының өзі Астанадан сол күні бәрібір кете алған жоқ.

Тәртіп сақшылары оны бөлімшеге алып кетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін