Астанада дипломатиялық корпус басшыларына "Еуропаға жол" бағдарламасын таныстыру рәсімі өтеді
Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада дипломатиялық корпус басшыларына "Еуропаға жол" бағдарламасын таныстыру рәсімі өтеді. Бұл туралы кеше журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі. |
"Астанада 22 қазанда дипломатиялық корпус басшыларына "Еуропаға жол" бағдарламасын таныстыру рәсімі өтеді. Таныстыру рәсімі барысында бағдарламаның негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары өкілдерінің сөз сөйлеуіне мүмкіндік берілетін болады",- деді Е.Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін