Жарияланды: 220

Астанада элиталық коттедждерді тонап келген ұрылар ұсталды

Астанада элиталық коттеджде тұратын байлардың үйін тонаумен айналысқан әккі сұғанақтар қолға түсті. Ауқатты отбасыларды қорқынышта ұстаған ұрылар дабыл қондырғысы орнатылмаған үйлерді басты нысаналарына алып келген.

Бірнеше күннің ішінде баукеспелер 20 миллион теңгенің мүлкін қолды қылған. Яғни, жүздеген қымбат сағат, алтын, түрлі әшекей бұйымдармен қатар үйдегі теріден жасалған тондарды жымқырыпты. Сонымен қатар ұрлаған 30 мың доллар, 9 мың еуро мен 2 травматиалық тапаншаны Астанадан жалға алған пәтерлеріне тасып отырған. Темір тор мен терезелерді сындыруға арналған құралдың да түрі бар екен. Қолға түскен 3 қызылордалық қазір изоляторда жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін