Жол апаты бүгін түнде Тілендиев даңғылында жанармай тарату станциясының қарсы алдында болған. «Хонда» және «ВАЗ-2109» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан «Жигули» жүргізушісі, оның жолаушысы мен «Хонда» автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды. «ВАЗ автокөлігінде отырған тағы бір 25 жастағы әйел қаза тапты. Азиялық нәсілді бұл адамның аты-жөні анықталған жоқ»,- деп хабарлайды мекеме.
Апат зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің құтқарушылар отрядының қызметкерлері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті