Белгілі болғандай, оқиға Астанадағы Kinopark кинотеатр желілерінің бірінде орын алған. Бұл туралы мекеменің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
«Өкінішке орай, ғаламторда тарап кеткен видеожазбадағы оқиға біздің кинотеатрларымыздың бірінде болған. Ол қыркүйек айының 14 күні Астана қаласындағы Kinopark 8 SaryArka ойын-сауық орталығында болды. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары оны Алматыда орын алды деп көрсеткен, бұл ақпарат қате. Оқиғаға қатысты арыз Астана қалалық Есіл ауданының ІІБ-на жіберілді. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр», — деп жазылған хабарламада.