Жарияланды: 470

Астанада KAZENERGY Еуразиялық Форумына 2 мыңнан астам адам делегат келді

Астанада KAZENERGY Еуразиялық Форумына 2 мыңнан астам адам делегат келді

Астанада KAZENERGY Еуразиялық Форумы өз жұмысын бастады.

«Жаңа энергетика көкжиегі: ынтымақтастық және инвестициялар келешегі» атты тақырыппен өтіп отырған шараның пленарлық отырысы 30 қыркүйекте өтпек. Бүгін «Еуразия өңіріндегі энергия қауіпсіздігі: Жаңа ынтымақтастық механизмі»Мұнай-газ конференциясы, Әйелдер энергетикалық клубының отырысы, KAZENERGY жастар форумы және тақырыптық семинарлар өтеді.

KAZENERGY ең ірі диалог алаңы үш күн бойы 2000-нан аса беделді қатысушыны қабылдамақ, олардың арасында мемлекеттер мен мекемелер басшылары, ұлттық және халықаралық энергетикалық компаниялардың топ-менеджерлері, саланың жетекші сарапшылары бар.

Форумның басты назарында - мұнай-газ және энергетика нарығының даму келешегі үшін берік тұғырды қалыптастыру мақсатында мемлекеттер, саланың өкілдері және негізгі шешімдерді қабылдайтын тұлғалар арасындағы ынтымақтастықты талқылау.

Интеграциялық үдерістердің рөлдері, ұзақ мерзімді сауда-экономикалық және энергетикалық серіктестікті қалыптастыру, жаһандық энергетикалық тұрақтылықты әсіресе Еуропа мен Азия аймақтарында қамтамасыз ету мәселелері бөлек талқының арқауына айналатын болады.

Отандық және әлемдік БАҚ, оның ішінде жетекші газеттер мен журналдар, жаңалық агенттіктері, телеарналар мен салалық басылымдардың 400-ден астам өкілі Форумды БАҚ беттерінде жариялайтын болады. Форум аясында басты баяндамашылар мен демеушілердің, оның ішінде Халықаралық энергетикалық агенттіктің, Әлемдік энергетикалық одақтың, Қайта қалпына келетін энергетика жөніндегі халықаралық агенттіктің, Дүниежүзілік мұнай одағының және жетекші мұнай-газ, энергетикалық компаниялардың қатысуымен баспасөз мәжілістері өтеді деп жоспарланып отыр.

Оныншы Форумның басты спикерлері ретінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Франция премьер-министрі (2007-2012) Франсуа Фийон, РФ Үкіметінің төрағасы (2007-2008), «Газпром» БАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Виктор Зубков (министр), ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасы Нуер Байкели, Газа экспортшы елдер форумының (GECF) бас хатшысы Сайед Мохаммед Хусейн Адели, БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі және Барлығына арналған тұрақты энергетика жөніндегі бастаманың (SE4All) бас директоры  Канде К. Юмкелла, Sinopec Group басқарма төрағасы Ванг Юпу, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Йозеф Тот, Халықаралық газ одағының (IGU)  бас хатшысы Пол Расмуссен, Пулитцер жүлдесінің лауреаты Дэниел Ергин, «VitolGroup» президенті және бас атқарушы директоры Ян Тейлор және т.б. тұлғалар қатысады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін