Астанада мектеп оқушылары сыныптасын сабап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 541.45
  • 631.17
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мектеп оқушылары сыныптасын сабап тастады

Астанада мектеп оқушылары сыныптасын сабап тастады

Астанада мектеп оқушылары сыныптасын сабап тастады. Қатарластарынан  оңбай таяқ жеген бала қазір ауруханада жатыр. Анасының  айтуынша, ұстаздар бұл  оқиғаны жұрттан жасырып қалмақ болыпты.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

Қаламқас Жанбосынова, Астана қаласының тұрғыны:

— Мектептегілер бұл оқиғаның ушығып кетпеуін қалады. Өйткені баламды оқушылар жабылып ұрып тастағаны туралы полицияға арыз жазғанымда, маған хабарласпаған адам қалмады. Тіпті олар жедел жәрдем де шақырмаған.

Оқиға осы 53-ші мектепте болған. 7-ші сыныптың бес оқушысы бір балаға жабылып, ұрып-соққан көрінеді. Сабақ арасында бірін-бірі төбелеп жатқан оқушыларды мектептегі күзетші не ұстаздар байқамапты. Баламның сыныптастарының соққыға жыққанын «басым ауырды»  деп үйге келгенде бір-ақ білдім дейді Қаламқас. Қазір  таяқ жеген оқушы дәрігерлердің бақылауында. Ал мектептегі мұғалімдер, оқиғаны құқық қорғау орындарының тексеріп жатқанын айтады. Сараптама қорытындысы шыққан соң, айыптыларды жазалаймыз деп отыр. Жалпы, бұл гимназиядағы оқушылар арасында жиі шу шығады. Ата-аналар бұған дейін де балаларына жоғары сыныптың оқушылары күн көрсетпейтінін  айтып, шағымданып еді.