Астанада мемлекет басшысының қатысуымен "Нұр Отан" ХДП-ның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемлекет басшысының қатысуымен "Нұр Отан" ХДП-ның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды

Астанада мемлекет басшысының қатысуымен "Нұр Отан" ХДП-ның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" ХДП-ның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 465
Фото - Caravan.kz

Саяси кеңес партияның «Қазақстанның гүлденуі мен қазақстандықтардың әл-ауқаты : еліміздің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз» атты бағдарламаны жүзеге асыру жобасын қарап бекіту жоспарланған.

«Бағдарламада халықтық партияның 2008 -2012 жылдардағы тұғырнамасын жүзеге асырудың басты бағыттары, тетіктері мен ресурстары айқындалған», -делінген баспасөз баянында.

Бағдарламада алға қойылған басты мақсаттар қазақстандықтардың өмір сапасын көтеру, Қазақстанда жоғары технологиялы әрі бәсекеге қабілетті экономиканың негіздерін құру, саяси жүйенің тұрақтылығы мен тепе-теңдігін нығайту, қазақстандық отаншылдықты нығайту, сондай-ақ, тиімді сыртқы саясат жүргізу болып табылады.

Партияның саяси кеңесінің отырысына ҚР парламентінің сенаты мен мәжілісінің депутаттары, үкіметтің басшылығы мен мүшелері, президент әкімшілігінің өкілдері, облыстық мәслихататрдың хатшылары, орталық бақылу-ревизиялық комиссияның мүшелері, партияның өңірлік филиалдарының жетекшілері, партияның облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракцияларының жетекшілері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті