Жарияланды: 420

Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілінен байқау өтті

Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілінен байқау өтті

Астанада 300-ге жуық мемлекеттік қызметші Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ фестивалі аясында өткен

«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» байқауына қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік тілдің беделін арттыру болып табылады. Іріктеу нәтижесінен қорытынды кезеңге төрт мекеменің қызметкері жолдама алды. Бірінші орынды Астана қаласы Статистика департаментінің, екінші орынды - Астана қаласы Құрылыс басқармасының, үшінші орынды Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері алды. Жеңімпаздарға Астана қаласы әкімдігінің атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. 
Аталған шараға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін