Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының 2015 жылғы 12 қазандағы үкімімен КамАЗ жүргізушісі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылы 30 маусымда жүргізуші К. «КамАЗ 5410» маркілі жүк көлігін басқарып, Қобыз-Төлебаев көшелерінің қиылысында жолда жүру ережесін бұзып, Төлебаев көшесінің бойымен Еділ көшесіне қарай бара жатқан скутер жүргізушісін соққан болатын.
Апат салдарынан скутер жүргізушісі көз жұмды.