Астанада оттың ортасынан шыға алмаған 2 адам тірідей жанып кетті
Астананың қақ ортасында тұтанған алапат өрт тағы өліммен аяқталды. Лаулап жанған оттың ортасынан шыға алмай қалған екі тұрғын тірідей жанып кетті. |
Түнге жақын тұтанған от мына элиталық кешеннің көлеңкесіндегі 2 қабатты ескі үйден шыққан. Үй деген аты болмаса құлағалы тұр. «Тұруға жарамсыз» деп танылғандықтан мұнда көбі көшіп, тек 2 отбасы қалған екен. Басқа бас сауғалар жері жоқ шаңырақтың бірі ыстың иісін сезген бойда, далаға қашып үлгерген. Бірақ өрт сөндірушілер келгенше күш алған қызыл жалын ескі қамыс үйдің жартысына жуығын күлге айналдырды. Сол үйдің жанған бөлігінде Сергей Симонов пен Тамара есімді әйел тірідей жанып кеткен.
Алла Кузнецова, Астана қаласының тұрғыны:
-Мен сол уақытта үйге келе жатқанмын. Будақтаған түтінді көріп шошып кеттім. Менің де пәтерім жаным кете ме деп зәре-құтым қалмады. Енді өрттің кесірінен қыс алдында жылусыз сусыз қалдық.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін