Жарияланды: 170

Астанада құбыр жарылып көшелерді су басты

Есілдің сол жағалауын топан су басты. Құбырдың жарылуына байланысты Астанада министрліктер, элиталық тұрғын үйлер орналасқан аудан бірнеше сағатқа аусыз сусыз қалды. 

Коммуналдық апат Сауран-Сығанақ көшелеріндегі қозғалысты да мүлдем тұралатып тастады. Жарылған құбырдан атқылаған су небары бірнеше минуттың ішінде көшелерге жайылып, ұзын сонар көлік кептелісі болды. Ал, министрлік ғимараттары, Есілдің сол жағалауындағы тұрғын үйлерге су беру уақытша тоқтатылған. Өйткені, комуналдық мекеме су көшеге жайылмас үшін құбырларды бітеп тастапты. Көшелер судан шұғыл тазартылып жатқанымен, алды аязда қатып көктайғаққа айналған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін