Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

27-28 шілде күндері ҚР Терроризмге қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен Терроризмге қарсы Астана қалалық штабы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді.

  • 27 Шiлде 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығудың мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың лаңкестік көріністеріне шұғыл әрекет ету бойынша дайындығын тексеру.

«Шектеу шаралары, соның ішінде жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозағылысына тыйым салу жоспарланған. Оқу-жаттығу түрлі күрделелік элементтерін қамти отырып, шынайы ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған.

Азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», — деп мәлім етті Терроризмге қарсы Астана қалалық штабынан.