Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің СІМ консулдық қызметі басшыларының Консультативтік кеңесінің бас қосуы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің СІМ консулдық қызметі басшыларының Консультативтік кеңесінің бас қосуы өтеді

Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің СІМ консулдық қызметі басшыларының Консультативтік кеңесінің бас қосуы өтеді

8-10-қыркүйекте Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің СІМ консулдық қызметі басшыларының Консультативтік кеңесінің бас қосуы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2003
  • 437
Фото - Caravan.kz

Мәжілісті ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев ашады деп күтілуде.

Бас қосуға қатысушылар бұған дейінгі отырыс хаттамасындағы алға қойған мақсаттардың орындалуы, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қарым-қатынастар туралы 1993-жылғы Минск конвенциясындағы қағидалардың орындалу тәжірибесі, азаматтардың өзара қатынауы жөніндегі қазіргі қолданыстағы келісімге олардың жеке басын куәландыратын және шекарадан асуға құқық беретін құжаттар тізімін азайту туралы өзгерістер енгізу, шекаралас аудандарда тұратын азаматтардың бір-біріне қатынау тәртібі туралы екі жақты келісімдерге қол қою, сондай-ақ, заңсыз көші-қонға бақылау қою шаралары туралы кең көлемді мәселелер топтамасын талқылайды.