Астанада тұрғын үйде орын алған өрт салдарынан екі адам ажал құшты
![]() |
Астанада тұрғын үйде өрт шығып, екі адам қаза тапты, деп хабарлады елордалық ТЖД баспасөз қызметінен. |
«20 қыркүйекте сағат 20.02-де Тархан 19/2-ші үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесі 5 минутта екі қабатты үйдің шатыры мен кіреберісі отқа оранғанын анықтады. Қызыл жалынды ауыздықтау барысында 2 адамның мүрдесі табылды. Өрттің шығу себебі мен құрбандардың кім екені анықталуда», - делінген хабарламада.
Өрт ауыздықталды. Жалпы алаңы - 120 шашы метр, 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 45 адам жұмылдырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін