Жарияланды: 470

Астанада үй бағасы қымбаттап кетті

Ал девальвациядан кейін үй арзандайды деген үміт ақталған жоқ. Керісінше, Астанада баспана бағасы 20 пайызға өскен. Сарапшылар мұны доллар бағамының көтерілуімен байланыстырды.

Аслан Түкиев, Құрылыс компаниялары қауымдастығының атқарушы директоры:

-Теңге еркін айналымға түскен соң шетелден келетін құрылыс материалдары қымбаттады, тіпті отандық өндірушілер де бағаны көтеріп жіберген. Салдарынан пәтердің құны 20 пайызға, яғни бұрын шаршы метрі 200 мың тұратын үйлер қазір 230 мың теңге көтерілді.

Осылайша, астаналықтардың баспаналы боламын деген үміті арманға айналатын түрі бар. Тіпті баға әлі де көтерілуі мүмкін. Бір қуантарлығы, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан баспаналардың құны қымбаттамайды екен. Яғни, сүрілетін үйлердің орнына тұрғызылып жатқан пәтерлердің бағасы бұрынғыша қалады деп сендірді Астана әкімі орынбасары Сергей Хорошун. Сондай-ақ, төрт мыңнан астам үлескерді зар қақсатып жүрген «Азбука жилья» компаниясына қатысты Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғағапты. Енді үйлеріне қол жеткізе алмай далада жүрген үлескерлерге әкімдіктің өзі көмектеспек. Сергей Хорошун өз беттерінше заңсызқұрылыс жүргізіп жатқан «Төленді», «Әл-Баракат», «Шейх Қазинвест» сынды бірқатар компаниялармен де күресіп жатқанын айтты. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін