Жарияланды: 30

Астанада үйдің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды

Астанада үйдің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды

Астанада көпқабатты үйдің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды.

Астана қаласы Полиция департаменті хабарлағандай, 20 қыркүйекте Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Алдын ала ақпарат бойынша ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген", - делінген полиция мәлімдемесінде.

Қазіргі күні болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция ресми ақпаратты ұстануды сұрады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін