Жарияланды: 160

Астанада жарылыстан күйіп қалғандардың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр

Астанада газ баллонының жарылуынан күйіп қалған балалардың өмірі үшін дәрігерлер әлі күресіп жатыр. Ақ халаттылар оларды аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Әсіресе, денелерінің  70 пайызын күйік шалған 3 жасөспірімнің хәлі ауыр. Үшеуі де жансақтау бөлімінде. Тірідей жанып кете жаздаған 2 ұл,3 қыздың ең үлкені 13-те, кішісі небәрі 3 жаста. Дәрігерлер қауіптің беті сейілді дегенімен, зардап шегушілер қатты күйіктен әлі қозғала алмайды. Негізі жатақханада болған оқыс оқиғадан 8 адам зардап шеккен. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, баспананың шаңыраға ортасына түсіпті. Құдай сақтап адамдардың барлығы тірі қалған. Жатақханада газ баллоны қауіпсіздік ережелерін сақтамай қолданылған екен. Осы оқиғадан кейін төтенше жағдай қызметі баллон пайдаланатын жеке секторды тексеріп жатыр. Ал дәрігерлер қалған зардап шегуішлердің беті бері қарай бастағанын айтты.

Жарылғасын Бектасов, №2 қалалық балалар ауруханасы жарақат бөлімшесінің меңгерушісі:

-Мүгедек боп қалады деп айта алмаймыз. Бүкіл жағдай жасалып жатыр емге. Қажет емнің бәрін  қабылдап жатыр. Айтып жатырмын ғой, бірқатарының жағдайы алғашқы күндей емес, қазір жақсарды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін