Астанада жеңілдікпен берілетін тұрғын үйді алуға көмектесуге уәде берген алаяқтар сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жеңілдікпен берілетін тұрғын үйді алуға көмектесуге уәде берген алаяқтар сотталды

Астанада жеңілдікпен берілетін тұрғын үйді алуға көмектесуге уәде берген алаяқтар сотталды

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жеңілдікпен берілетін тұрғын үйді алуға көмектесуге уәде берген алаяқтар сотталды. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Астананың экономикадық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

«2007 жылдың 27-желтоқсанында №2 Алматы сотының алаяқтық жолмен ірі көлемде бөтен мүлікті жымқырған алаяқтар — Байжігітова, Ыдырысова, Күлдейбаева, Жүнісова мен Дунаеваларға қатысты шығарған үкімі күшіне енді»,- деп хабарлады елорданың қаржы полициясының бастығы.

Естеріңізге сала кетсек, жедел қызметкерлер азаматтарға комиссияда туыстары бар деген желеумен мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген тұрғын үй алып беруге «көмектескен» қылмыстық топты ұстаған болатын.

«Алаяқтар осындай жолмен өздеріне көмекке жүгінген 75 адамның әрқайсысынан 5 мың АҚШ долларынан 13 мың АҚШ долларына дейін көлемде ақша алып отырғанн. Алынған қаржыны қылмыстық топтың мүшелері өз араларынан бөліп алып, өздеріне жүгінген азаматтардың талаптарын қанағаттандыру жөнінде еш шара қабылдамаған»,- деп қорытындылады А. Кәрімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті