«Елордалық полицейлер ағымдағы жылы 1 қазанда шамамен сағат 01.00 Қонаев көшесі бойында болған жол-көлік апатына қатысты ҚР ҚК 345- бабына сәйкес сот алдындағы тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автомобиль коммуналдық тұраққа жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
«ВMW» маркілі көлігінің 1994 жылы туған жүргізушісі 1 қазанда сағат 01.00 шамасында Қонаев көшесінің бойымен Тұран даңғылына қарай жүріп бара жатқанда белгіленбеген жерде жолды өтіп бара жатқан велосипедшіні соғып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы Е. есімді азамат алынған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды.