Жарияланды: 450

Астанада жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер жабылады

Астанада жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір көшелер жабылады

Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, 17-23 қыркүйекте жылу магистралін қалпына келтіру бойынша

құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты Ш. Уәлиханов және Ж. Омаров көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы тоқтатылады.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, инженерлік жүйелерді 2015-2016 жылғы жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Республика даңғылы және Ы. Дүкенұлы көшесінің қиылысында (ТМ-5 жылу магистралін қалпына келтіру) көлік қозғалысы тоқтатылды. Барлық жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес орындалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін