Астанадағы кинотеатрда сатушы қызды тепкілеген жігіттің аты-жөні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы кинотеатрда сатушы қызды тепкілеген жігіттің аты-жөні белгілі болды

Астанадағы кинотеатрда сатушы қызды тепкілеген жігіттің аты-жөні белгілі болды

Кинотеатрда қызды тепкілеген! Астанада бір жігіттің сатушыны соққыға жыққанын көрсететін видео ғаламторда тарап кеткен еді. Артынша күдікті ұсталған. Ол Қуаныш Туракелдиев деген азамат. Тіпті бұл бір шенеуніктің баласы екен деген де ақпарат тарады.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

22 жастағы жігіт кеше кинотеатрдағы су сататын қызды тепкілеп тастаған болатын. Мұның барлығы бейнебақылау камерасына жазылып қалып, видео бірден ғаламторға жайылған. Жантүршігерлік жазбаны небәры жарты сағаттың ішінде мыңдаған адам көріп, үлкен дау туған еді. Онда жас жігітке сатушы қыздың қызмет көрсеткені ұнамаса керек, қолындағы стақанын бетіне лақтырып жібереді. Кейін екі ортадағы кедергіден қарғып өтіп, қыз баланы тепкілей бастайды. Қорлық көрген сатушы бірден полицияға шағымданған. Қазір күдікті қамауда отыр. Десе де, полицейлер де, кинотеатр қызметкерлері де болған оқиға жайында жақ ашқан жоқ.