«Астана-Ерейментау» тас жолының бойында жол апатынан екі адам зардап шекті
![]() |
Ақмола облысы Целиноград ауданы арқылы өтетін «Астана-Ерейментау» тас жолының бойында жол апаты орын алып, екі адам зардап шекті. |
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бүгін түнде сағат 01:44 минут шамасында Целиноград ауданының Ақмешіт ауылының маңынан өтетін «Астана-Ерейментау» тас жолының бойында «ВАЗ -06» жеңіл көлігі жол апатына ұшырап, екі адам көлік ішінде қыстырылып қалды. Оқиға орнына жеткен жол-патрульдік полиция қызметкерлері апатқа ұшыраған көліктің ішінен 1997 жылы туылған екі адамды алып шықты. Зардап шеккендердің екеуі де Астана қаласындағы медициналық мекемеге жатқызылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін