Қызметтік формаларын спорттық киімге ауыстырған полицейлер отбасыларын де ерте келген. Ішкі істер органдарының қызметкерлері таңғы суыққа қарамастан бабында болды. «Қазақ елі монументінен» бастап Есілдің сол жағалауындағы орталық көшелерді айнала жүгіргендер, 2 жарым шақырым қашықтықты 15 минуттың ішінде бағындырды. Астана қаласының Ішкі істер департаменті салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, осылайша мерекені де ерекше атап өтті.
Самғат Анаров, арнайы жасақ инспекторы:
—Бірінші рет емес, жылдан-жылға осындай шараға қатысып жатырмыз. Барлық департамент атынан бәріміз де бір адамдай бала-шағамызбен де қатысып жатырмыз.