Астаналық журналистер мемлекеттік тілді игеруді қолға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық журналистер мемлекеттік тілді игеруді қолға алды

Астаналық журналистер мемлекеттік тілді игеруді қолға алды

Бүгін, 4-қыркүйекте Елордасындағы "Руханият" орталығында Астаналық журналистердің мемлекеттік тілді игеруіне арналған курс жұмыс істей бастады. Журналистерге мемлекеттік тілді тегін үйрету жөніндегі бастаманы Астана әкімінің аппараты көтеріп отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 403
Фото - Caravan.kz

Әр ұлт өкілдерінің 50-ден астам өкілі қазақ тілін үйренуге құлшыныс білдірген. Мемлекеттік тілді игеру сабақтары тұрмыстық, коммуникациялық, кәсіптік және іскерлік тіл деген төрт деңгей бойынша ұйымдастырылмақ. 8 айлық курстан өткендер «қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге машықтанды» деген сертификат алады.

Оқытушы Тоқтасын Өмірзақовтың алғашқы сабақта атап көрсеткеніндей, «оқыту жұмыстары аяқталған кезде журналистер екі тілде бірдей кәсіби деңгейде хабар тарату және жаза білуге машықтанады» .

Соңғы жаңалықтар