«Астана-Қарағанды» тас жолында 60 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді
![]() |
«Астана-Қарағанды» тас жолында 60 жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды 24.kz. |
22 қазан күні 05:40-та «112» нөмірі бойынша «Астана-Қарағанды» тас жолында қалаға 20 шақырым жетпей, 60 жолаушысы бар автобус сынып қалғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына №1 Автобус паркінің 2 техника бірлігі (автобус, Камаз) жетеді. Автобустың 60 жолаушысы (Тәжікстан, Өзбекстан, РФ азаматтары) «Астана-Қарағанды» тас жолындағы дәмханалардың біріне көшірілді. Көлік Ресейдің Тюмень қаласынан Қырғызстан Республикасына жол тартқан болатын. Астаналық «112» кезекші қызметінің жедел әрекеттерінің арқасында автобустың 60 жолаушысы уақытылы қауіпсіз жерге көшіріліп, жапа шеккен адамдар жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін