Астықтық таза көлемі 2007 жылы 20 млн тоннаны құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астықтық таза көлемі  2007 жылы 20 млн тоннаны құрайды

Астықтық таза көлемі 2007 жылы 20 млн тоннаны құрайды

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астықтың таза көлемі биылғы жылы 20 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы бүгін Екінші астық форумында ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Жиналып өңделген астықтың жалпы салмағы 20,1 млн тонна, ал оның 16,6 млн тоннасы бидай», — деп атап өтті А. Күрішбаев.

Ол айтқанындай, алдыңғы жылдармен салыстырғанда (1998 — 2002 жылдары) соңғы бес жылда бидай дақылдарын өсіру көлемі 2,7 млн тоннаға ұлғайды немесе 21%, егіс алқаптары 1,7 млн га, немесе 12%, ал астық өнімділігі- 0,7 ц/га, немесе 7% өсті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, биыл үлкен көлемде астық жиналып, ол 22,6 млн тоннаны құрады. Бұл 2006 жылы жиналған астықтан 22% көп», — деді ол.

«Республика бойынша, былтырғы жылмен салыстырғанда астық өнімділігі 1,8 ц/га жоғары болып, 14,8 ц/га құрады», — деп атап өтті вице-министр. Бидайдың 18,6 млн тоннасы жиналды.

Вице-министр айтқанындай, шығарылған бидай көлемі жан басына шаққанда 1078 кг жеткен. Мұндай көрсеткіш бойынша, ҚР биылғы жылы Австралияны басып озып, әлем бойынша 1-ші орынға шықты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті