Атамбаев Қырғызстанда жаңа президент сайланған соң саясаттан кетпек ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атамбаев Қырғызстанда жаңа президент сайланған соң саясаттан кетпек ниетте

Атамбаев Қырғызстанда жаңа президент сайланған соң саясаттан кетпек ниетте

Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті орнына өзіне ізбасар дайындап жатқан жоқ, алайда өзінің өкілеттік мерзімі аяқталған соң саясаттан кетпек ниетте.

  • 24 Желтоқсан 2015
  • 468
Фото - Caravan.kz


"Мен ізбасар дайындамаймын, президентті өзіне халық таңдасын», деді А.Атамбаев бейсенбіде баспасөз мәлихатында.
Оның айтуынша, Қырғызстанда 2017 жылы өтетін президент сайлауына дайындық басталып кеткен және бұл орынға келу үшін кез-келген ақша төлеуге дайын адамдар бар.
"Менен кейін кім келер екен, деп ойлаймын. Егер екі кандидаттың жиған дауысындағы айырмашылық азғантай болса, қан төгілуі ықтимал. Президентік орынға жету үшін адам өмірі, қан , ақша тігілмеуге тиіс», деді А. Атамбаев.
Қырғызстан президенті атап өткендей, өкілеттігі аяқталған соң ол не президент, не премьер-министр, не спикер болуды көздеп отырған жоқ.
"Екі жылдан аз уақыттан соң мен ұйқымды қандырып, кітап оқысам деймін. Пианинода ойнауды армандаған едім. Мен үшін елім қымбат, бірақ мен жаңа тұлғалар тыныш жұмыс істеуі үшін биліктен барынша қашық болуға тырысамын», деді А.Атамбаев.