Ұсталғандардың бірі – Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бұғазы конфедерациясының президенті Альфредо Хавита. Тағы бірі – Оңтүстік Америка конфедерациясының басшысы Хуан Анхель Налоута. Оларға АҚШ соты Латын Америкасындағы әлем чемпионатына іріктеу ойындары барысында маркетингтік құқықтарды сатқан деген айып тағып отыр. Бұл екеуінен бөлек, ФИФА-ның бұрынғы және қазіргі 16 мүшесі қамауға алынуы мүмкін екені айтылуда.