Атырау облысында иесіз қалған үйден төрт граната табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында иесіз қалған үйден төрт граната табылды

Атырау облысында иесіз қалған үйден төрт граната табылды

АТЫРАУ. 16 - сәуір. Kazakhstan Today. Атыраудан 15 шақырымда орналасқан Соколок деген жердегі жартылай қираған үйден "Күзет" арнайы күзет құрылымының қызметкерлері төрт граната тауып алған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Хайрушев хабарлады.

  • 17 Сәуiр 2007
  • 399
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, иесіз қалған үйдің маңында «Күзеттің» қарауындағы нысан болған. «Күзет құрылымының бірнеше қызметкері адам тұрмайтын үйге кездейсоқ бас сұққан, олар тұрмыстық қалдықтардың арасынан жарылғыш құрылғыларын тауып алған»,- деп түсіндірді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

С. Хайрушевтің айтуынша, қызметкерлер тауып алған қауіпті заттар туралы құқық қорғау органдарына жедел хабар берген. «Атырау қаласының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері табылған заттың жап-жаңа граната екендігін растады»,- деп атап өтті ол.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталмыш істі тергеу үстінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті