Атырау облысында құрылыс компаниясы тұрғындардың 650 миллион теңгесін заңсыз иемденген - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында құрылыс компаниясы тұрғындардың 650 миллион теңгесін заңсыз иемденген

Атырау облысында құрылыс компаниясы тұрғындардың 650 миллион теңгесін заңсыз иемденген

 

  • 15 Қыркүйек 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Атырау облысының прокуратурасы құрылыс салушылардың заңсыз қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысында Nazik group ЖШС және "Андорра Констракшн" ЖШС құрылтайшыларына қатысты соталды басталды. Олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 миллион теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деген күдіккке ілінді.

 

Реклама

Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады. Ресми деректерге сүйенсек, күдіктілердің кесірінен үлескерлер баспананы екі жыл өткеннен кейін де ала алмаған.

"Осы серіктестіктердің құрылтайшылары сот санкциясымен қамауға алынды. Облыс прокуратурасы "әрбір азамат қырағы болып, объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет", — деп мәлімдеді облыс прокуратурасы.


Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді.