Атырау облысында жергілікті тұрғыннан 30 килограмнан астам бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жергілікті тұрғыннан 30 килограмнан астам бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы тәркіленді

Атырау облысында жергілікті тұрғыннан 30 килограмнан астам бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы тәркіленді

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Атырау облысында жергілікті тұрғыннан 30 килограмнан астам бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ табиғат қорғау полициясы бөлімінен хабарлады.

  • 18 Сәуiр 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

Табиғат қорғау полициясының ақпаратына сәйкес, Құрманғазы аудандық ІІБ қызметкерлері «Бекіре-2007» шұғыл алдын-алу шарасы барысында Атырау-Астрахань тас жолында Атырау тұрғыны айдаған «ГАЗ-33021-212» маркалы автокөлікті ұстады. «Ұсталғанның көлігінен 30 килограмнан астам бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы табылып тәркіленді», деп хабарлайды полиция.

Бөлімнің хабарлауынша, қазір келтірілген шығынның көлемі есептелуде, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті