Жарияланды: 510

Атырау облысының мұнай экспорты бюджетті 224 млрд. теңгеге толықтырды

Атырау облысының мұнай экспорты бюджетті 224 млрд. теңгеге толықтырды

2015 жылдың 8 айында ТМД елдері мен алыс шетелдерге шығарылған мұнай экпортының кедендік баж салығы ҚР бюджетін 224 млрд. теңгеге толықтырды.

«Атырау облысынан ағымдағы жылдың 8 айында экспортқа шығарылған мұнай 98,4 пайызды құрайды. Шикізатты сатып алушылар негізінен Италия, Нидерланды, Франция мен Түркия елдері», - деп хабарланған «Ақжайық - Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің ақпаратында.

2015 жылы мұнай Атырау облысынан құбыр құбыр желісі көлігі немес теміржомен Новороссийск, Тамань, Усть-Луга және Приморск порттары арқылы тасымалданған. Шикі мұнай порттарға «Өзен-Атырау-Самара» және «КТК-К» мұнай құбырлары арқылы жеткізіледі.

Мұнай экспортынан кедендік салымдардың негізгі үлесі - 228 млрд. теңгеге жуық «Теңізшевройл» ЖШС-нан түскен.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін