Атырау тұрғыны 100 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған
![]() |
Атырау облысында 100 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған жүргізуші анықталған. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
12 қыркүйек күні Атырау облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Исатай ауданы, Сарыөзек ауылының тұсында 30 жастағы тұрғынның басқаруындағы Skoda Rapid автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 100 келі болатын бекіре тұқымдас балығы тәркілеген.
"Аталған дерек бойынша ҚК-тің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі", - делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін