Атырауда бір дөңгелегі жоқ автобус оқушыларды мектепке тасымалдаған - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бір дөңгелегі жоқ автобус оқушыларды мектепке тасымалдаған

Атырауда бір дөңгелегі жоқ автобус оқушыларды мектепке тасымалдаған

Оқушыларды мектепке ескі автобус тасыған.

  • 19 Қыркүйек 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Желіде бір дөңгелегі жоқ автобустың оқушыларды тасымалдап бара жатқан бейнежазбасы пайда болды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Аталған жағдай Атырау қаласына қарасты Жаңаталап ауылында болған. Ауылдағы оқушыларды мектепке ескі автобус тасиды екен.

«Жамбыл мектебінде екі-ақ автобус бар, оның біреуі істен шыққан, екіншісі бір күн жүрсе, бір күн тұрады. Курилкино, Химик, Зарослый және Бау-бақша елді мекендеріндегі балалардың күні осы сары автобусқа қарап тұр», – деді видео авторы Аслан Омаров.

Ал облыстық білім беру басқармасы өңірде алыс ауылдардан оқушы тасымалдайтын 49 көлік бар екенін мәлімдеді.


«Атырауда балалар автобусына 1,1 млрд теңге бөлініп, 23 автобус алу қарастырылған. Шалғай орналасқан алпыс елдімекеннен 4561 оқушы 49 көлікпен тегін тасымалданады», – деді басқарма басшысының орынбасары Орынтай Биманова.

Соңғы жаңалықтар